«Бәйтерек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

«Бәйтерек аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі

ГУ «Отдел образования района Бәйтерек»

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Developed in conjunction with Joomla extensions.

2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

2019 жылғы 12 тамызда жаңа оқу жылына дайындық аясында бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

Тарихи-танымдық топ Атырау облысының мұражайларын аралап,танысуға сапарға шықты

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында БҚО Бәйтерек ауданы «Январцев ЖОББ «мектеп-балабақша» кешені» КММ бастамасымен Январцев, Красноармейск, Трекин қазақ мектебінің оқушылары мен мұғалімдерінен құралған тарихи-танымдық топ Атырау облысының мұражайларын аралап,танысуға сапарға шықты.

«Өсу векторы» оқыту және дамыту мектебінің жұмысы оздырылды

2019 жылдың 9 ақпаны күні Дариян мектеп-гимназия интернаты базасында  Бәйтерек ауданы  білім  беру ұйымдары  басшыларының  «Өсу векторы»  оқыту және дамыту мектебінің жұмысы оздырылды. Жұмысқа 47 жалпы білім беретін  мектеп басшылары, 4 қосымша білім беру ұйымдары  басшылары, 8 МДҰ меңгерушілері, яғни 59 мекеме басшылары қатысты.

"Intel-junior-2018" бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадасы

2017-1018 оқу жылының 10-сəуір күні Б.Қ.О. Дарын қосымша білім орталығында XY облыстық "Intel-junior-2018" бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадасына Зеленов ауданы Достық ЖОББ-нің 4-сынып оқушысы Мусалимов Алихан гуманитарлық бөліміне белсене қатысқаны үшін дипломмен жəне жаратылыстану ғылымдар бөліміне қатысып I-  дəрежелі дипломмен, эрудиттер турнирі бөлімі бойынша III дəрежелі дипломмен марапатталды. Сондай ақ Дарьинск қазақ мектебінің 4-сынып оқушысы Адабай Серікжан да белсенділік танытып эрудиттер турниріне белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. 

Аннотация

2018 жылдың 21 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы «Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Новенький жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің базасында шағын жинақталған мектептердегі біріктірілген сыныптарға байланысты «Біріктірілген сыныптағы сабақ: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында  облыстық машық семинары өтті. Семинар мақсаты: біріктірілген сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес әдістемелік көмек көрсету. Семинар интерактивті формаларды пайдала отырып, кәсіби деңгейде өткізілді.

2018 жылдың 7 ақпаны күні Новеньков ЖОБМ-нің білім беру ұйымдары басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының кезекті әдістемелік кеңесі оздырылды.

2018 жылдың 7 ақпаны күні Новеньков ЖОБМ-нің білім беру ұйымдары басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының кезекті әдістемелік кеңесі оздырылды. Кеңеске ауданның 47 білім беру ұйымының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы пәндердің берілу жағдайы, қорытынды аттестаттау, нормативтік-құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібі бойынша аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі мен әдіскерлері баяндамаларын оқып, пікір алмасты. Кеңес барысында тренингтер өткізіліп, әріптестер «Лингвист» озат тәжірибе алмасу мектебінің қызметі бойынша өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Латын кәрпіне көшу»

2018 жылдың 2 ақпаны күні Мичурин ЖОБМ-балабақша базасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» негізгі бағдарламасын іске асыру аясында «Латын кәрпіне көшу» тақырыбында 8 мектепке дейінгі ұйымдарының және 46 мектеп басшылары мен 39 тәрбие жөніндегі директор орынбасарларының қатысуымен бекітілген аудандық жол картасына сәйкес кеңес өткізілді. Кездесуге Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бисенгалиева Гулжайна Каздукқызы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филология ғылымының кандидаты Абдулманов Алтынбек Әбуталіұлы қатысты.